«Меркі несие серіктестігі» ЖШС-нің мүшелеріне
Күн тәртібінде:
1.Құрылтайшылар құрамындағы мүшелік жарнасын көбейтетіндер мен кемітетіндердің өтінішін қарап, шешім қабылдау.
2.Жарғылық қорын сату, сатып алу келісім шарттары негізінде заңды тұлғаның қатысушылар құрамына және жарғылық қорға қосқан үлестеріне өзгерістер еңгізу туралы.
3.Заңды тұлғаның құрылтайшылар құрамының өзгеруіне байланысты несие серіктестігінің Жарғысы мен Құрылтайшылар шартына толықтырулар мен өзгертулер енгізу және бекіту туралы.
4.«Меркі несие серіктестігі» ЖШС-нің құрылтайшылар құрамының өзгеруіне және Жарғылық қорының ұлғайтылуына байланысты «Бағалы қағаздар орталық депозитарийі» АҚ-нан қайта тіркеуден өткізу туралы.
5.Ұлғайтылатын несие желісі бойынша «Аграрлық несие корпорация» АҚ-на алдында «Меркі несие серіктестігі» ЖШС-гі барлық міндеттемелерін қамтамасыз ету мақсатында 2-ші дәрежелік банктерге салынған, өсетін депозитті және қазіргі депозитте тұрған есеп шоттағы ақша қаражатын кепілге қоюға келісім беру.
6.Несие желісін ұлғайту туралы жаңа жасалатын негіздемелік келісім және осыдан пайда болатын қарыз шарты жасалғаннан кейін, «Аграрлық несие корпорация» АҚ-ы алдында өз міндеттемелерін толығымен немесе дұрыс орындамаған жағдайда «Меркі несие серіктестігі»-нің есеп шотындағы ақша қаражатын «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-на акцептсіз шығаруға құқық беру.
7.Несие желісін ұлғайту туралы жасалатын негіздемелік келісім, қосымша келісім, кепіл шарттар, «Меркі несие серіктестігі» ЖШС-гі мен «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның арасында бұрынғы және қазіргі негіздемелік келісім, кепіл шарттар, гаранттық шарттар, қарыз шарты, жеке қарыз шарттарын жасату және қол қою құқығын, сонымен қатар осыларға байланысты қосымшалар мен өзгерістерге қол қою құқығын «Меркі несие серіктестігі» ЖШС-нің Басқарма төрағасына беру.
8.«Меркі несие серіктестігі» ЖШС-гі құрылтайшыларының несиелеу лимитін бекіту.
- "ВДО Казахстан" аудиторлық компаниясының 2021 жылғы аудиторлық есебін бекіту.
- «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ның "Меркі несие серіктестігі" ЖШС-ін ревизиялық тексеру есебін қарастыру.
- "Меркі несие серіктестігі" ЖШС көрсеткіштерінің негізінде қызметкерлерге сыйақы қарастыру.